"Милсами" ойыншысы Мамаду Камараның агенті Орбийи Роудс өз қызметіне жүгініп отырған малийліктің қандай командға ауысатынын нақтылап өтті.
Агенттің сөзінше, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ресейлік “Торпедо” командасына ауысады. Келісімшарт мерзімі 2 жыл болмақ. Ол клубқа ауысу үшін Мәскеуге 15 тамыз күні жол тартатын болыпты.
Камара “Милсамиде” жалға ойнап жүр. Бұл аяқдопшының толық құқығы малийлік “Блэк Стар” командасына тиесілі.
2023/24 жылғы маусымда Мамаду молдавиялық команда үшін 24 ойын өткізіп, 5 гол мен 5 голдық пас берді.
Еске салайық, “Милсами” елордалық “Астананың” КЛ қарсыласы.
Біздің серіктес: FONBET