«Аякстың» басына қара бұлт үйірілді

23.02.2021, 02:50
Амстердамдық клубтың ішінде қандай жайттар орын алып жатыр?
«Аякстың» басына қара бұлт үйірілді

"Аякс" футбол клубы 2018/19 жылғы маусымда біраз жанкүйердің арасында көп талқыланған клубтардың бірі екені бәрімізге мәлім. "Аяксты" аладоп көрермендері жас талантты ойыншыларымен, керемет ойын тактикасымен таниды. 2019 жылы "Аякс" Чемпиондар Лигасынан азулы "Ювентус" және "Реал Мадридті" ұшырғанын білеміз. Осы маусымда бұл клубтың ішінде біраз "Хаос" орын алу үстінде.

Ең бірінші жағдай: "Аякс" тарихындағы ең қымбат трансфердің Еуропа Лигасы турнирі аясында ойыншылар тізіміне қосуды ұмытып кетуі. Нақтырақ айтар болсақ, франциялық шабуылшы Себастьян Аллер осы қыста клуб сапын толықтырған еді. Бұл ойыншы амстердамдық клуб тарихындағы ең қымбат ауысым ретінде тіркелді. Жанкүйерлер бұл ойыншынның Еуропа Лигасы аясындағы ойындарда өз клубына көмектесе алмайтынына қатты қынжылуда. "Аяксқа" бұл ойыншысыз трофей үшін күресу қиын болатыны анық.

Екінші жағдай: "Аякстың" көшбасшы қақпашысы Андре Онананың допингпен ұсталуы. Әрине, бұл клуб үшін қатты соққы болды. Эрик Тен Хаг бұл ойыншыдан айырылғаннан кейін қатты қиналғаны тайға таңба басқандай анық дүние. Жанкүйерлердің өздері Андре Онананың допингпен ұсталғанына қатты таңғалу үстінде. "Аякс" осы маусымда жүлдеден күдер үзуі әбден мүмкін. Егер тез арада оның орнын басатын қақпашы табыла қоймайтын болса.

Үшінші жағдай: "Аякс" өз түлектерінен айырылу үстінде. Иә, "Аякстың" ақша жасай алатын клубтардың бірі екенін білеміз. Бірақ өз жас ойыншыларын тегін жіберуге мәжбүр болып жүр соңғы кездері. Оған бір дәлел: клубтың қос бірдей жас екі арланы, нақтырақ айтар болсақ: Брайан Бробби мен Джулиан Риджкоффтың клуб сапынан тегін кетіп қалды. Бұл екі түлекті "Аякстың" жанкүйерлері өте жақсы таниды. Брайанды "Екінші Мбаппе" деген лақап атымен атап кеткендер де бар. Егер амстердамдық клуб осындай жас ойыншыларынан айырылып қала берсе, команданың болашағы бұлыңғыр болады деп айта аламыз.

Қорытындылай келе: "Аякс" осы мәселелердің шешімін табу үшін біраз жұмыс атқару қажет екенің байқаймыз. 2018/19 жылғы маусымдағы "Аяксты" ұмыту үстіндеміз. Егер осындай қателіктер қайталана беретін болса, бұл клубтың болашағы бұлыңғыр болмақ...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×