Біз Франция бола аламыз ба?

30.04.2021, 19:52
Осындай өзгерістердің пайдасы көп секілді.
Біз Франция бола аламыз ба?

124 орын. Иә, қазір осы орынға жайғастық. Футболдан біздің ұлттық құраманың көрсетіп отырған өнерінің нәтижесі осы сандармен сипатталып тұр. 210 мемлекеттің арасынан 124 орын. Бұл жақсы көрсеткіш пе әлде нашар көрсеткіш пе? Ұлттық құрамалардың тізіміне қарап отырып, біздің алдымыздағы құрамаларға қарап ұялуға болатындай. Фарер аралдары, Эстония секілді елдің аяқ допшылары бізден жоғары тұрғандығын көріп басқа ештеңе айта алмаймыз. Демек, біздің футбол тұралап қалды деуге болады. Мүмкін, кері кетті.

Енді, тікелей сұраққа көшсек. Біз Франция бола аламыз ба? Қазіргі уақыттағы футболдан әлем чемпиондары. Әрине, арамыз жер мен көктей. Бірақ, осы сұрақтың туындауына себептердің болуы, осы бір әлемнің үздік ала доп шеберлерінен жасақталған құраманы еске еріксіз салады. Себебі, қазіргі уақыттағы біздің елдің ішкі чемпионатындағы шет ел ойыншыларының ұлттық құрамаға кандидат ретінде қарастырылуы, осы бір әлем мықтысы секілді бола аламыз ба? - деген сұрақ туындатады. Өздеріңіз білетіндей Франция құрамасының намысын қорғайтын ойыншылардың көбінің түпкі ұлты француз емес. Демек, өзге ұлттың мықты ойыншысы, басқа мемлекет үшін ойнауға қарсылық білдірмесе ойнату бұл әлемдік футболда бар. Бірақ, бұл біздің футболға қаншалықты пайда береді? Зияны қандай? Иә, ол ойыншылардың бір бас жоғары өнер көрсете алатындығын білеміз. Айтып отырған ойыншыларымыз - Жоау Пауло, Марин Томасов секілді өз клубтарының көшбасшы ойыншылары. Бұл ойыншылардың біздің елдің намысын қорғауы мүмкін екені әлеуметтік желілерде тарай бастаған уақыттан бастап, қызу талқыланып та жүр. Не десекте бұл ойыншылардың бізге көмектесе алатындығы түсінікті.

Болашақта бұл өзгерістердің оң жағымен қатар, таяқтың екі ұшы бар секілді, теріс жағыда кездесуі бек мүмкін.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×