Бразилия сайыпқыраны болған Оскар

18.06.2020, 01:50
Оскар немесе Оскар Дос Сантос Ембоаба Жуниор
Бразилия сайыпқыраны болған Оскар

Футбол әлемінде маған бір ерекше ұнайтын тағы бір футболшы бар. Ол Бразилиялық Оскар. Оскар десе Оскар еді. Толық аты Оскар Дос Сантос Ембоаба Жуниор. Әлем чемпионаты 2014 есіңізде болса, сонда барлығы Неймар, Неймар деп жүрді. Бразилия Неймар ауруына шалдыққан кезі, әй сол кезде Неймар емес осы Оскар керемет ойнады деп ойлаймын. Шабуылдада, жартылай қорғаныстада, жақсы ойнады. Голды да соқты. Білесізбе масқара матч бар ғой Германия-Бразилия 7-1 есебі, сол ойында мінез танытып жалғыз голды соққан осы Оскар болатын, Челсидеде біраз жыл жақсы ойнады негізгі құрамда,8 нөмірде қателеспесем, келбетті жігіт еді.

Бірақ сол 2016 жылы күтпеген жерден Қытай чемпионатын таңдап, қазір Шанхай СПИГ командасында ойнайды, сол кеткеннен футбол әлемінде орыныда ұмтыла бастады. Бразилия құрамасындағы орнынанда айрылды. Бір сұхбатында Қытайға кедей болмау үшін, жалпы кедейліктен құтылу үшін бардым депті. Мен бұл футболышыны өзінің отандасы Какаға ұқсатам ойын мәнерін негізі. Қазіргі жасы 28 де әліде Еуропа футболына қайтып оралса, кеш болмас деп ойлайсың.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×