Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жылдың ең үздік спортшыларын анықтайтын дәстүрлі "Үздік – 2025" салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Қайрат” және Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев биылғы жылы футболдағы айтарлықтай жетістіктері мен жарқын ойыны үшін "Спорттағы үздік серпін" номинациясы бойынша лауреат атанды.
Спортшы марапаттау рәсіміне Астанаға арнайы келе алмағанымен, жиынға онлайн форматта қатысып, өз әсерімен бөлісті:
"Бұл марапатты үлкен қуанышпен қабылдаймын. "Жыл серпіні" атану – тек менің ғана емес, маған әрдайым қолдау көрсеткен жаттықтырушыларымның, командамның және отбасымның ортақ жеңісі. Алдағы уақытта да еліміздің маған артқан сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Баршаңызға рақмет!." — деді Дастан.