Де Йонг: «Бавариямен» болған матч «Барселонада» проблемалардың көп екенін көрсетті

15.08.2020, 14:59
«Барсаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг «Бавариямен» өткен сәтсіз кездесу жайлы пікір білдірді
Де Йонг: «Бавариямен» болған матч «Барселонада» проблемалардың көп екенін көрсетті

"Бұл матч біздің командада проблемалардың көп екендігін көрсетті. Біз көптеген өзгерістер енгізу керектігін түсініп отырмыз. Жанкүйерлеріміздің алдында кешірім сұрауға тиіспіз. Әрине, әу баста "Баварияны" жеңетінімзге сендік. Алғаш болып гол жібергенімізбен, таразы басын теңестіріп, ойынға қайта оралдық. Одан кейін де, ұйымдастырған қауіпті шабуылдарымыз біздің сеніміміздің жоқ емес екендігін көрсеткен секілді.

Не дегенмен "Бавария" бізге қарағанда, анақұрлым мықтырақ болды. Менің айтпағым мюнхендіктердің таланты, олардың ойын кезіндегі белсенділігі мен ауыр жұмыстары емес. Әлбетте, мұндай нәтиже тек мен үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін таңқаларлықтай болды, себебі "Барселона" үнемі жеңіске жетіп, жүлделерге қол жеткізіп жүретін ұлы команда. Қалай болғанда да, біз жақсы ойнауымыз керек еді"- деп жазады Goal.com де Йонгтың сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×