Еуро-2020 қарсаңында: Бельгия құрамасына шолу

15.05.2021, 16:48
Бельгия сен тұр, мен атайын дейтін жігіттерден жасақталған.
Еуро-2020 қарсаңында: Бельгия құрамасына шолу

Бельгия. ФИФА рейтингінде көш бастап тұрған құрама. Шебер, кілең сен тұр, мен атайын дейтін ойыншылардан жасақталған ұжым. Кез-келген турнирде жеңімпаз болуы мүмкін құрамалар қатарында болады. Олай деуге себеп те жоқ емес. Алаңның қай бөлігінде болмасын ойнайтын ойыншылары белді клубтардың бетке ұстар, әрі негізі ойыншылары болып саналады.

Бұл құрама ең алғашқы ойынын 1904 жылы Францияға қарсы өткізіп 3:3 есебімен тең тарқасқан-ды.

Сондай-ақ ең ірі жеңісі ретінде 9 доп айырмасымен төрт мәрте қарсыластарын сан соқтырған. Ол ойындар: 1994 жыл Бельгия - Замбия 9:0, 2001 жыл Бельгия - Сан-Марино 10:1, 2017 жыл Бельгия - Гибралтар 9:0, Бельгия - Сан-Марино 9:0.

Өз тарихында бельгиялықтар да ойсырай жеңілген бірнеше матчтар бар. Бірақ, ол ойындардың барлығы дерлік XX ғасырдың еншісінде.

1927 жылы Англияға 1:9 есебімен жол берсе, 1936, 1959 жылдары Голландия құрамасынан 8:0, 9:1 есептерімен оңбай ұтылды.

Бельгия құрамасы 13 мәрте өз бақтарын әлем чемпинотында сынаса, 5 мәрте еуропа додасында сынға түсті. Әлем чемпионатындағы үздік нәтижеге соңғысында қол жеткізіп, үшінші тұғырдан көрінді. Ал, еуропа құрлығындағы елдердің тартысындағы ең үздік көрсеткіштері 1980 жылғы күмістері. Финалда Германияға 1:2 есебімен есе жіберіп, алтыннан қағылған.

Осы турнирдің қоласына 1972 жылы қол созып, қоржындарына кезекті жүлдені қосты.

Бельгия олимпиада ойындарында 1920 жылы топ жарып, 1900 жылы қоладан алқа тақты.

Ромелу Лукаку. Бельгия құрамасының үздік сұрмергені. Еншісінде 59 гол. Қазіргі таңда италиялық "Интерде" өнер көрсетеді.

Z


Өткізген ойындар саны бойынша ардагер ойыншы Ян Вертонген алғашқы орында тұр. Алаңда құрамасы үшін 125 ойын өткізген.

9k=


Бельгия құрамасы Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінен іркілмей, өте тамаша нәтижемен өтті. Қазақстан, Ресей, Шотландия, Кипр, Сан-Марино құрамаларымен болған он ойынның барлығында жеңіске жетті. Іріктеу кезеңінде ең жоғарғы нәтиже көрсетті. Қарсыластар қақпасына 40 гол соғып, тек 3 гол өз қақпаларына жіберіп алды.

Биылғы, Еуро-2020 додасына испаниялық маман Роберто Мартинестің баптауымен келетін болады.

9k=


Бельгия құрамасы бұл турнирде В тобында Ресей, Дания, Финляндия секілді құрамалармен топтағы тартысты қыздырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×