Кейлор Навас жартылай финалда «ПСЖ»-ға көмектесе алмайды

17.08.2020, 18:00
Навас жарақат алып қалған
Кейлор Навас жартылай финалда «ПСЖ»-ға көмектесе алмайды

"Пари Сен-Жермен" қақпашысы Кейлор Навас Чемпиондар лигасының "Лейпцигке" қарсы жартылай финалдық матчына қатыса алмайды, деп хабарлайды франциялық клубтың ресми сайты. Костарикалық қақпашы ширек финалдағы "Аталантамен" өткен кездесуде жарақат алып қалған. Дәлірек айтқанда, жамбасының оң жақ бөлігін зақымдап алған. Енді қатарға 20 тамызда қосылады деп күтілуде.

"ПСЖ" - "Лейпциг" ойыны 18 тамызда Португалияның Лиссабон қаласындағы "Да Луш" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×