Футбол бүкіл бұқараға арналғандықтан, мұнда әртүрлі алып-қашпа әңгімелердің, өсек-аяң, сыбыстардың да жүретіні белгілі. Бұлардың кейбіреулері орындалып жатса, кейбірі жай ғана жел сөз болып қалып жатады. Бірінші кезекте бұл сыбыстар қайдан пайда болып, қалай таралатыны жайлы түсінік беріп өтсек. Жалпы, сыбыстардың таралу жолы өте көп. Жанкүйерлер бір-бірінің сөздерін іліп әкетіп, оны екіншісіне басқаша жеткізуі мүмкін. Федерацияларда жұмыс істейтін қызметкерлер жұмысында болған әңгімені сыртқа шығаруы да ғажап емес. Сондай-ақ көп жағдайда сыбысты «өсекке қалған адамның» өзі таратып, сұхбат кезінде «ешкімге айтпай-ақ қойыңыз, жарияламай қоя тұрыңыз» деп жатады. Әлбетте, журналист мұны газет бетіне жарияламаса да, «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап жатады».Осы жағдайларды ескере отырып аладоп.кз сайты жаңа "өсек-аяң" атты айдардың тұсауын кесті.
Өсек-аяңнан сусындап отырыңыз!