ҚПЛ. «Ордабасы» опық жеді

31.08.2020, 03:31
Қайрат биыл қайратын көрсете ме?
ҚПЛ. «Ордабасы» опық жеді

Бүгін Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары ойналды. Бұл турда біздің басты назарымызды аудартқан матч, әрине Ордабасы - Қайрат ойыны болды. Алматылық команда осыдан бірнеше күн бұрын ғана Армениялық "Ноа" клубын 4-1 есебімен жеңіп, Еуропа лигасының келесі кезеңіне сенімді түрде аяқ басқан болатын, ал Шымкенттік клуб керісінше өз алаңында жеңіліп, жанкүйер сенімін ақтамады. Екі клуб арасындаға әрқашан қызыққа толы өтетіні белгілі, бірақ бүгінгі ойын Қайрат үшін тым оңай өткен секілді. Себебі Ордабасы бұл ойында қарсылас қақпасын тек бір - екі соққымен ғана мазалай алды.

Қайраттың биылғы қарқыны күшті. Чемпионатта алты матч өткізіп, турнир кестесінде бірінші орында. Алматылық жанкүйерлер көптен армандаған чемпиондық биыл оңтүстік астанаға оралуы әбден мүмкін. Оған басты себеп, Қайраттың негізгі қарсыласы Астана клубының сүреңсіз ойындары. Одан бөлек Алексей Шпилевский өзінің ойындағы команданы жинай білген секілді. Өткен маусымдарда Қайрат ойыншы таңдаудан да біраз қателескен болатын. Бұл жолы жағдай басқаша, командаға жаңадан қосылған Алықұлов, Вагнер, Абат сияқты ойыншылар бірден нәтиже көрсете бастады. Биылғы чемпионатының ерекше өтіп жатқаны белгілі, пандемия салдарынан чемпионаттың барлық матчтары Алматыда өтеді, бұл фактордың өзі Қайратқа біршама көмек болары анық. Әзірге чемпионаттың басы болғандықтан нақты бір шешімге келу қиын, дегенмен Қайрат дәл осы қарқынына қарқын қоса, көптен аңсаған чемпиондық Қайратқа бұйыруы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×