"Реал" Мадрид Мбаппеден айрылды

Әсетжан Әділбекұлы
Бас редактор
25.09.2024, 19:56

Испандық "Реал" Мадридтің жұлдызды футболшысы Киллин Мбаппе үш аптаға қатардан шығып қалды. Француз шабуылшысы "Алавеске" қарсы өткен ойында жарақат алған.

"Реал" Мадрид Мбаппеден айрылды

Карло Анчелотти кездесудің 80-минутында аяғын сылтық басып, ауырсынған Мбаппені ауыстыруға мәжбүр болды. Корольдік клубтың медициналық штабы бүгін жұлдызды футболшыны тексерістен өткізіп, нәтижесінде сан бұлшық етінің сіңірі созылған деген диагноз қойды. Енді Киллиан жарақатынан айығу үшін кемінде үш апта ем-домын алуы керек. 

Сұрмергенінен айрылған “Реал” бұл аралықта мадриттік дербиде “Атлетикомен”, Чемипиондар лигасында “Лилль” және Ла Лигада “Вильярреалға” қарсы бірқатар маңызды ойындар өткізеді. Мүмкін Мбаппенің жоқтығы бразилиялық жас футболшы Эндриктің өз мүмкіндігін көрсетуіне жол ашатын шығар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×