Талантын бағаламаған «El pibe de Bari»

13.11.2020, 20:02
Фабио Капелло: «Менің ең үлкен өкінішім - Кассано, мен оны бұрынғы деңгейіне қайтара алмадым».
Талантын бағаламаған «El pibe de Bari»

Италия әр кезде футбол тарихының дамуына өз үлесін қосып келеді. Дзола, Тотти, Дзанетти, Буффон Италия футбол тарихында біртуар ойыншылар. Осы футболшылар қатарына бір футболшы да енуші еді, бірақ тағдыры аладопты бағындыру емес екен.

Италияның аралда орналасқан кіші қаласы Бари. Әсем де сымбат, көрсең көзің тоймас қалада 1982 жылы 12 шілдеде футбол әлемінде «El pibe de Bari» лақап атымен танымал болған Антонио Кассано дүние есігін ашып, өз тарихын жаза бастайды. Ол кедей отбасыда өсіп тағдыр тауқыметін ерте сезінеді. Антонио футболға кездейсоқ келген өзінен жасы үлкен балалармен тамаққа футбол ойнап жүргенде, «Про Интер» командасының скауттары жас баланың ойынына тәнті болады. Сөйтіп, 1994 жылы профессионал футболшы ретінде «Про Интер» клубымен келісімшартқа отырады. Ұжымда өткізген 2 жылында «Про Интер» командасының сұрмергені болып «Бари» футбол клубының бапкері бұл футболшыны өз командасында көргісі келетіндігін жасырмай айтты. 1996 жылы Кассано «Бари» жейдесінде өнер көрсете бастайды. Сол кезде италиялық газет беттері бұл жас футболшыдан үлкен үміт күттетіндігі туралы жазған етін. Жас Антонио сенімді ақтады. 2000 жылы Тотти, Кафу, Батистута өнер көрсетіп жүрген «Ромаға» сол кездегі рекордтық сомма 31 млн.еуроға ауысты. Жастықтың лебі ме, талантты Антонио жаңа қырынан таныла бастады. Бапкерлермен қақтығысып, "Романың" ардагер ойыншысы Франческо Тоттимен де иық тіресті. 2006 жылы Дон Фабио Капелло Антонионы өз командасына шақырады. «Реал Мадридке» ауысқан Кассано өзіне төленген ақшаны ақтамады. Қымбат қонақ үйде жатып тәтті көп жеген Кассаноны «Mundo Deportivo» журналы сын садағына алды. "Реал" Мадридтей беделді футбол клубына ауысқан аяқдопшы: қымбат қонақ үйде жатып тәтті жеп, семіріп жатпайды, жаттығуға да қатысып, бапкерімен жаға жыртыспайды делінген «Mundo deportivo» журналында. Жалақысына қанағат етпеген Кассано "Реал" Мадридтен үлкен соммада ақша талап етті. Осыдан кейін клуб басшылығы бұл футболшымен біржолата қоштасуға ниет білдіріп, сатылымға қояды. Бір жылда "Реал" сапында 19 ойын өткізген Кассано «Сампдорияға» ауысып, ол жақта да жанкүйерлер көңілінен шықпай «Миланнан» пана іздейді. «Милан» сапындағы кездері Антонионың мәңгі есінде қалары мәлім. «Романы» ұтып, «Милан» командасымен бірге ұшақпен қайтып келе жатқан Кассано кенеттен өзін жайсыз сезініп, ауыр жағдайда ауруханаға жатуға мәжбүр болады. Дәрігерлер Кассаноға жедел түрде ота жасалмаса өліп кетуі мүмкін деді. Жүрегіне ота жасатқан Кассано қауіпті дертті жеңіп шығып, қайта футболға оралады. 2017 жылға дейін футболшы "Интер", "Сампдория", "Парма", "Эласс" Веронада өнер көрсетіп футболшы мансабын аяқтайды. Атап айтсақ, Кассано клубтық деңгейде ғана емес ұлттық құрама сапында да ойындар өткізіп, көзге түсті. Еріншектік, қырсық мінезін Кассано жеңе білгенде бәлкім аңыз ойыншы болар ма еді?! Өткен күнде өкініші бар Кассано қайта келмес жастық шағын аңсап дал болып жүрмегеніне кім кепіл?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×