ТАУЛАРДЫ БЕТКЕ АЛЫП, БІРГЕ ҰШЫП БАРАМЫЗ БОЛАШАҚҚА...

30.03.2021, 03:14
2010 жыл 11 шілде Йоханнесбургте «Соккер Сити» стадионындағы матчтан кейін оқиға...
ТАУЛАРДЫ БЕТКЕ АЛЫП, БІРГЕ ҰШЫП БАРАМЫЗ БОЛАШАҚҚА...

Басты рөлдерде:

Пуйоль 32 жаста, Хави 30 жаста, Хаби Алонсо 29 жаста, Икер Касильяс 29 жаста, Сара Карбонера 26 жастағы сылқым қыз, Пепе Рейна 29 жастағы тамада, Андрес Иньеста 26 жаста, екінші пилот, Фернандо Торрес, 26 жаста, Серхио Рамос 24 жаста, Жерар Пике 23 жаста, Сеск Фабрегас 23 жаста, Педро 22 жаста, Серхио Бускест 22 жаста, және т.б.

2010 жыл 11 шілде Йоханнесбургтегі «Соккер Сити» стадионында Андрес Иньеста матчтың 116 минутында Стекеленбург қорғаған Нидерланды қақпасына соққан голынан кейін La Furia Roja Испания құрама командасы бірер күн тынығып алған соң, әлемнің ең үздік командасы ретінде үйге - Мадридке ұшақпен Жерорта теңізі үстінен ұшып бара жатты...

Міне бір қарасаңыз,бір атаның балаларындай күлімдеп, бірге өскен бауырдай Пепе Рейна, Давид Вилья, Хави, Серхио Рамос сияқты әлем чемпиондары достық, махаббат салтанат құрған ұшақ ішінде бақыттан бастары айналып, мас болып, америкалық әнші Элвис Креспоның 1999 жылғы Pintame хит-әніне билеп жүр. Міне, Хави чемпиондық бокалмен (қызыл шарап) екі жастың жанына келіп, тілек айтуда... Икер мен Сара болса, бір-біріне мөлдіреген жанармен қарап, Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзіне жазылған, Алтынай Жорабекованың орындауындағы Асыл жарым әнінің шумағын арнап айтып жатқандай көрінеді...


Асыл жарым

Жайнаған жасыл бағым

Бағаласаң бақытыңмын

Сағынсаң қасыңдамын

Арманды дара қумаймыз

Құстың қос қанатындаймыз

Жүректе от жанып

Тауларды бетке алып

Бірге ұшып барамыз болашаққа...


Міне, мына жерде, Сара Карбонеро Икерды Хавидан қызғанып, «ол енді ішпейді, оған көп ішуге болмайды» дегендей, Хавиге «бұл енді менің территориям» деп мензегендей. Хави ақ көңіл ғой, түсіністікпен қарап, досына іштей бақыт тілеп кете барды...

        Неге екені белгісіз, Сеск Фабрегас көңілсіз отыр, бәлкім, оның көңілі Арсен Венгер үкілеген "Арсеналдан" балалық шақтағы кумирі Пеп Гвардиола баптаған "Барселонаға" ауа бастады ма, кім білсін?...

        Сесктің құрдасы, 23 жасар Жерар Пикенің өз қайғысы бар, жо-жоқ, мансап жолында ешқандай мәселелер мен кедергілер жоқ, барлығы тамаша... Тек жүректе лаулаған, маздаған сағыныш өрті болмаса... Ұшақ кемесінде Waka-waka (This time for Africa) әні ойнағанда жаны жадырап, көңілінде көктем орнап, ол көзін жұмған күйде армандап, ұшақтан бақыт кемесіне мініп кетеді.

Айтпақшы, осы салтанатты кештің бас кейіпкері, бас қаһарманы көрінбейді... Білетін жұрт, Андрес, ұшақ пилотына қол ұшын созып, ассистент пилот ретінде көмек (ассист) жасап жатыр деседі...

Бақытты сәт, бақытты шақ... Бақыт құсы алдамшы екенін білеміз, оның қолға уақытша қонатыны тағы бар. Бұл сабаздардың алдында әлі талай оқиғалар, ұлы жеңістер мен жеңілістер, Моуриньо, Гвардиоланың кетуі, Тито Вилановамен қош айтысу, Левандовскидің Икер қақпасына жасаған покері, "Барселоның" Бавариядан 0-7 есебімен Чемпиондар лигасының екі раундтық матчында ойсырап ұтылуы, 2014 жылғы Испания үшін сәтсіз әлем біріншілігі –Голландиядан алған сабақ, Ван Перси, Роббен жүгірісі, 5-1, және тағы басқа ғаламат тарихи сәттер тұр...

Бірақ, бақыттан бастары айналған бұл қызу қанды Пиреней түбегінің жігіттері, бес айдан кейін 29 қарашада "Камп Ноу" стадионында бірінің етін бірі жеп, бір-бірі үшін дүниедегі ең жек көрінішті адамдар болатынын, ал Икер Касильяс пен Сара Карбонеро жұбы болса, 11 жылдан кейін аралары ашылып, әрқайсысы жаңа өмірді жаңа парақтан бастайтынын қайдан білсін...

Ал әзірше, Пепе Рейна, Давид Вилья, Серхио Рамос, Хави Эрнандес шарапқа тойып алып, әндетуде...


Pinta, Pinta, Pinta Su Carita,

Sin esa carita, hoy me muero yo Pinta, amigo pintor

Pinta, pintame la carita


P.s. Ұшақтағы тойдан көрініс



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×