Түркістандағы стадионға кімнің есімі беріледі?

06.05.2020 03:22

Әлемнің көптеген стадионын көрген адам ретінде ұсыныс тастауға құқым бар деп есептедім.

Түркістандағы стадионға кімнің есімі беріледі?

Гуглды ашып жәй ғана әлемдегі стадиондардың атауларын қарап шығыңыздар. Марио Фильо атындағы "Маракана" стадионы деген секілді жазбаларды көресіздер. Мен сол стадионда болған кезде Фильо мырзаның ескерткішін де көрдім. Ол журналист болған адам. Бразилия футболының дамуына зор үлес қосқан адам екен. Футбол туралы мақала жазған, проблемаларды көтерген, ауылдардағы футбол жағдайын ойлаған тұлға.

Қызылордада Ғани Мұратбаев атындағы стадион бар екенін де білесіздер. Қазақ мемлекетінің тарихында орны бар тұлға. Оралда Петр Атоян атындағы стадион туралы олай айта алмаймыз. Атоян деген кім? Оның атын Оралдан шыққан даңқты тұлғаның біріне ауыстырса ешкім қарсы болмайтын шығар. Сосын Түркістан қаласында салынып жатқан су жаңа стадионға мен Мұстафа Шоқай есімін берейік деп бастама көтердім. Пікір жазушылар, жанкүйерлер, жергілікті тұрғындар аса қатты қарсы болмағанын байқадым. Бірақ, аномастика қоғамы қалай шешері әлі белгісіз. Дегенімен Мұстава Шоқай Түркістан автономиялық мемлекетін құрған адам. Оның арман мұраты күллі түркі дүниесін бір шаңырақтың астына жинау болды. Идеясы өте керемет еді. Бірақ, әлемдегі ең аз өмір сүрген мемлекет болып қала берді. Сосын ол кісі Гитлермен сөйлескеннен кейін "Түркістан" легионын құрып қаншама қазақты өлімнен арашалап қалды. Жалпы айта берсе көп қой. Тарихты жақсы білетін адамдар Мұстафаның қандай тұлғма екенін айтпай-ақ ұғынады. Сондықтан менің бұл ұсынысым қабылданып кетсе екен деген тілегім бар. Қабылдамаса да әлбетте ештеңем кетпейді ғой.

5 пікір

  1. Қалаш Сәтбай Сәрсенұлы

    Ия өте жақсы идея. Түркістан халықын футболға деген махаббаттын ояту үшін ұлттық құрама ойындарын Түркістанда өткізу керек

  2. Нұрбақ Ералыұлы

    Бізге бұндай стадион керек емес сиякты біздің футбол және футбол жанкүйерлері бұған дайын емес ,бұл үлкен стадион матч кезінде бір трибунаны да толтыра алмайды,оданда 2-3 мың адамға шактап салса,Қазақ футболына казыргы кезде максимум 10 мыңдық ареналар жетіп артылад мына үлкен стадионга кеткен акшага европалык улгыге сай адемы дизайнмен канша стадион салуга болады.

  3. ӨзІмІз

    ӨзІмІз

    09.05.2020 04:12

    Ассалаумағалейкум ЕрЕкЕ мынау бірі білсе бірі білмес сіздің қандай мықты комментатор және спорт журналисті екеніңіз. Сіз осы талай футбол мәселенің басы қасында жүрсіз, айтып та жатсыз стадион мәселесі деген, сол Түркістан қаласында Алла бұйыртса жақсы стадион құрылысы бітуге жақын. Сол стадионмен бірге Түркістан қаласында жас таланттарды дайындайтын ертеңгі күні ЕуРоПаНыҢ қақ төрінде допты шиіріп ала жөнелетін қарагөз қазақтарымызды дайындайтын ҮЛКЕН бір АКАДЕМИЯ құру мәселесін КӨТЕРСЕҢІЗ нұр үстіне НҰР болар еді.

  4. Мадияр

    Мадияр

    09.05.2020 00:59

    Туркистан аренасы

  5. COVID-19

    COVID-19

    08.05.2020 03:17

    Нұртас Оңдасынов!!