Ұлттық құрама? Әлде ЧЛ мен ЕЛ топтық кезеңі ме?

08.07.2020, 06:30
Ұлттық құрамыны дайындау керек
Ұлттық құрама? Әлде ЧЛ мен ЕЛ топтық кезеңі ме?

Менен кішігірім ұсыныс.

Футболдан көптеген чемпионаттар аяқталып, клубтар өз мақсаттары мен болашаққа жоспарларын сызып, сақадай сайланып жатқанда, бізде үзіліс.

Ассалаумағалейкум, футбол десе деребесі қозып, тағат таппайтын оқырман.

Бұл ұсыныс, осы екі апталық тоқтатуды естігенде ойға бірден сап ете қалды. Әлем назарын өзіне аудартқан Covid 19 көптеген зиянын, әр салада тигізіп жатқаны сөзсіз. Футболдыда бей жәй қалдырмады, дегенмен кейбір, кейбір дейміз-ау 80-90% чемпионаттар жалғасын тауып, түгесілер тұста. Әрине, ауыруды ешкім сұрап алмайтыны рас қой, осы тұста біздің чемпионат тоқтап, кейбір командалардың өткендегі бір турдағы ойындарына қарап, үзілісті тиімді пайдаланғаннан көрі, үзіліспен жаттығулары үзіліп қалғаны анық байқалды. Ойындарынан мән кетіп, бірге жаттығу аз болған соң, түсіністіктерінен сән кетіп, ойындары жүрмей жатқанын көз көрді. Ендігі үзілістен оралған командаларға федерация алаңға екі немесе үш қана шет ойыншысын шығартып, қалғандарын түгел ұлттық құрамаға еш кедергісіз шақырта алатын ойыншыларды шығару талабын қойса. Енді, неге, не пайдаға келсек?

Клубтарға шет ел ойыншылары, тиісінше Астана, Қайрат секілділерге Еуропа додасында міндеттелген межеге жету үшін керегі айтпасада белгілі. Бірақ, мынандай ұзақ үзілістен кейін ұзаққа шаппасы көрінді. Қарсыластары өз чемпионаттарын аяқтап жаңа ауысым іздеп қатарларын күшейтуге жоспарлар құрып жатқанда, біздегі ахуал ешкімді, ештеңені аяп жатқан жоқ. Одан ары қарай бағанағы жеті, сегіз қазақ болса ойнап жатқан алаңда, күзгі ұлттық құраманың ойынына дейін іріктелген ойыншылар өз қалыптарына оралуға мүмкіндік алар еді. Сондай-ақ, бәсекелестік туар еді құрамадағы орындарға. Сосын лига іріктеуінде сүрінбей, ұзақ уақыт күткен құрама жетістігіне де қуанар едік...


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×