Үшінші турда сенсация көреміз бе?

04.11.2020, 03:43
Чемпиондар Лигасының 3 туры
Үшінші турда сенсация көреміз бе?

Бүгін Чемпиондар лигасының 3 тур ойындары басталады. Астана уақытымен 23:55 алғашқы матчтар ойналады.

Мәскеулік "Локомотив" өз алаңында, мадриттік "Атлетиконы" қабылдайды. Қай команданың басым екені анық. Сондай-ақ мәскеуліктердің соңғы сүреңсіз ойындарына қарапта бұл ойыннан сенсация күтпеуге болады. Оған "Атлетиконың" қазіргі қарқыныда мүмкіндік бермес.

Осы ойынмен қатар Украинада В тобындағы қазіргі турнирлік кесте бойынша, фаворит командалардың ойыны өтеді. Жергілікті "Шахтёр" командасы, Менхенгладбахтың "Боруссиясын" қабылдайды. Қос команданың да негізгі бірнеше ойыншысы алаңға шықпайды. Бұл теке тіресте мына команданың басымдылығы айқын деп қадап айту қиын. Дей тұрғанмен немістердің сәлде болсын басымдылығы бар. Қос команданың да бір-біріне гол соғуға қауқары жетеді. Демек тең дәрежедегі ойын күтеміз.

Түн ауған уақытта чемпиондардың айқасы жалғасатын болады.

Голды топырлатып соғуына көз үйренген Италияның "Аталантасы", тәжірибелі "Ливерпульді" қонақ қылмақ. Бұл ойында голдан шөліркемейміз деген үміттеміз. Себебі, ағылшындықтардың шабуыл шебі де қақпаның торын бірнеше мәрте тулататындай қарқында.

Бұл ойыннан өзге дәл осы уақытта бес ойынның сықырығы қатар шалынатын болады.

1) Немістің тағы бір клубы, осы кубок иегерлері "Бавария", Аустрияның "Зальцбургмен" қонақта шеберлік байқаспақ. Бұл ойында немістер фаворит болып саналады.

2) "Манчестер Сити" осы топтағы яғни С тобындағы аутсайдер команда саналатын гректердің "Олимпиакосымен" кім мықтыны анықтайды. Иә, бұл жұпта кім мықты деген сауал қоюдың өзі артықтау, бірақ доп домалақ деген қағидаға сүйеніп, сенсация күтеміз.

3) Келесі жұп: "Мидтьюланн" пен "Аякс". Бақ сынасатын осы екі команда арасында даттардың әлсіз екені түсінікті. Олай деуімізге толық негіз бар. "Аякс" ұжымының тәжірибесі жоғары, оған қоса ойыншыларының деңгейі де бір бас жоғары.

4) "Порту"-"Марсель". Алаң иелеріне қарағанда қонақтардың жағдайы нашар. Екі ойында ешқандай ұпай алған жоқ. Демек, нәтижелеріне қарап "Портудың" мысы басым деген қорытындыға келуге болады.

5) Бүгінгі күннің басты ойыны. В тобының екі тур бойынша антиаутсайдерлері "Реал" мен "Интер". Италиялықтардың негізгі шабуылшысы Р.Лукаку бұл ойынға шықпайды. Ал мадриттік клубтың негізгі ойыншылары түгелдей дерлік тізімде бар. Осыған негіздеп, өз алаңында ойнайтынын елеп" Реалда" басымдық бар деуге саяды. Негізі қос командаға да жеңіс керек-ақ.

Бүгінгі чемпиондық түнде командалар тамаша ойындарға күә қылады деп сенейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×