Григорий Бабаян ЦСКА ойыншыларына бапкер ретінде таныстырылды

17.06.2021 09:00 РПЛ

Бірақ бас бапкер емес, оның көмекшісі ретінде жұмыс істемек.

Григорий Бабаян ЦСКА ойыншыларына бапкер ретінде таныстырылды

Қазақстандық бапкер Григорий Бабаян мәскеулік ЦСКА клубының делегациясымен бірге Бад Тацмансдорфтағы (Австрия) оқу-жаттығу жиынына барды. Бірақ қызметінен кеткен Ивица Оличтің орнына оның бас бапкер болып тағайындалатыны туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Sport-Express.

Қазір мәскеулік команданы жаңа маусымға Алексей Березуцкий дайындауда. Ал Бабаян команда ойыншыларына оның көмекшісі ретінде таныстырылды.

Тағы бір жақсы жаңалық - жарақат алған отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов кеше алғаш рет командамен бірге жаттығу жасады.

Еске салайық, бұған дейін Бабаян болгариялық маман Станимир Стойловтың командасы "Нижний Новгородқа" баруы мүмкін деген ақпарат болған еді. Бабаян кеткеннен кейін қостанайлық клуб оның көмекшісі Александр Москаленкоға сенім артып көрмек.

0 пікір